Бес жасар ұлға қазақша сөйлегені үшін қысым көрсетілді

0

Павлодар тұрғыны бес жасар ұлына фитнес клубта қазақша сөйлегені үшін қысым көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Менің есімім – Ажар Саят. Ұлым екеуіміздің құқығымызды қорғауға көмек сұраймын. Бесінші тамызда Павлодардағы «Ертіс» қонақ үйінің фитнес клубында ұлыма бейтаныс әйел қазақша сөйлегені ұрысты. Балам қатты қорқып, мені құшақтай берді. Ұлым үш күннен бері шыңғырып жылайды. Бейтаныс әйелдерді көрсе, қорқады. Бұл жай ғана әкімшілік емес, қылмыстық іс», — дейді Павлодар тұрғыны.

Павлодар облыстық полиция департаменті пікір білдірді. Бірақ олар қазақ тіліне қатысты ештеңе айтпаған. Тек жанжалға байланысты әкімшілік іс қозғалғанын жеткізді. 

«Аталған жағдай 5 тамызда болған. «Ертіс»  қонақ үйінде әйелдер арасында жанжал туындаған. Ұрыс кезінде біреуі екіншісін қолын тырнап, балағат сөздер айтқан. Жанжалға қатысушылар анықталды. Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК 73-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік іс қозғалды», — делінген хабарламада.


ПІКІР ЖАЗУ