Шымкентте 64 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жол сапасына айрықша назар аударып келеді.

Мемлекет басшысы Үкіметке, жергілікті әкімдерге республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Шымкент аумағындағы жол инфрақұрылымын жақсартуда, жолдардың сапасын арттыру бағытында қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді.

Қаламыз үшін ең маңызды мәселенің бірі — жол сапасы мен көшедегі көлік қозғалысын реттеу. Себебі, статистикаға сәйкес, қала автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі болып отыр. Осыған орай, соңғы жылдары мегаполисте жол құрылысы бұрын соңды болмаған қарқынмен дамуда.

Биыл қала аумағында 236,3 шақырымды құрайтын 297 магистралды және ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Оның 24 көшесі көлік ағыны жоғары әрі, қоғамдық көлік қатынайтын орталық магистрал көшелер. Бүгінде 64 көшеге орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қалған көшелерді асфальттеу жұмыстары өндірістік кестеге сай жалғасуда. Іс-шараға сәйкес магистралды көшелерге сонымен қатар, елді мекендердің ішкі орам көшелеріне басымдық берілуде.

Ал көлік инфрақұрылымы бойынша 2020 жылы Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілген. Жүйеге сәкес, 78 бағытта қоғамдық көліктер жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. Қалада 1000-ға жуық автобус, 10 автопарк бар. Қоғамдық көліктердің 90% пайызы жаңартылған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ