Жұмысындағы сейфтен 7,5 млн теңгені ұрлап кеткен

0

Шымкентте 23 жасар жігіт жұмыс орнындағы сейфтен қомақты қаржыны жымқырып кеткен. Қылмыс көлік жөндеу орталығында түнгі уақытта болған.

Полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтаған. Ол сол орталықтың дөңгелек жөндеумен айналысатын жұмысшы болып шыққан.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі 3- тармағы «Аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық» бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілген. Белгілі болғандай, 23 жастағы Түркістан облысының тумасы жұмыс орнындағы сейф ішінде қомақты қаражат сақталатынын байқап, қылмысқа алдын ала дайындалған. Ал ұрланған ақшаны жеке қажетіне жаратып жіберген.

Тергеушілер оның кінәсін дәлелдейтін айғақтар мен жинақталған іс-құжаттарды сотқа жолдады. Сот үкімімен сотталушыға 5 жыл 6 ай мерзім бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


ПІКІР ЖАЗУ