Жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысып, бір адам мерт болды
Жол-көлік оқиғасы 16 тамыз түнгі сағат 03:00 шамасында Абай даңғылы бойында болған. Opel Vectra автокөлігі мен Yamaha мотоциклі соқтығысқан.
Жол апаты кезінде мотоцикл тізіндеген 28 жастағы жігіт оқиға орнында қайтыс болды. Ал Opel жүргізушісі мен 3 жолаушысы (екі бойжеткен мен екі жігіт) әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Куәгерлердің пікірінше мотоцикл тізгіндеген адам қатты жылдамдықпен келе жатқан.
Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.