Шахтадағы апат. Бесінші кеншінің денесі табылды
«Қазақстан» шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Қаза тапқан кеншілердің аты-жөні:
- Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, 4-разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;
- Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл;
- Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
- Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
- Старовойт Илья Александрович, 1996 жылы туған, 3-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл.
Еске сала кетейік, 17 тамызда «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнының «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртенді. Шахтада 227 адам болған, 222 адам эвакуацияланды. Сегіз адам зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кеткен болатын. Кейін бір адамның денесі табылып, кім екені анықталған болатын.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан» шахтасында болған апаттың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ депутаттар Арселор Миттал басшылығын жауапқа тартуды талап еткен болатын.
Қазіргі уақытта 5 адамның да денесі табылды. Сонымен қатар дәрігерлер ауруханаға түскен шахтерлердің жағдайы туралы айтқан болатын.