«Шаңырақ» ипотекалық бағыты бойынша өтінім қабылдау басталады

0

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» ипотекалық бағыты бойынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан өтінімдерді қабылдау мерзімі 22.08.2023ж. бастап сағат 10:00 ден 31.08.2023ж. 19:00-ге дейін аралықта жүргізіледі.

«Шаңырақ» бағыты бойынша тұрғын үйлер пул құрусыз өткізіледі.

Нысандар «Шымкент қаласы,»Тұран» шағын ауданы 9 қабатты №6,№8,№10,№12, №№39,40,41,42,43, 49,50,52,53 тұрғын үйлерде орналасқан.

Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы 200 000 теңге.

Тұрғын үй бірліктерінің саны 3 пәтер.

Пәтер түрі 1: 1 бөлме 1 пәтер, ең үлкен аумағы 42,54 ш.м..

Пәтер түрі 2: 2 бөлме 2 пәтер, ең үлкен аумағы 61,19 ш.м..

Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініштер тұрғын үй кезегінде тұрған, оның ішінде «Бақытты отбасы» бағыты бойынша келесі санаттар бойынша қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

2) көп балалы отбасылар;

3) толық емес отбасылар.

Өтінішті беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ