Сайрамдағы тас жолда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

0

Түркістан облысында адам өліміне әкеп соқтырған оқыс оқиға орын алды. Жазатайым жағдай 28 тамызда түнде, Сайрам ауданындағы Ақсукент-Қарамұрт тас жолында болған. Киа көлігі ЗИЛ көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды «Жедел шақыру» бағдарламасының тілшісі.

Жол апатынан Kia көлігінде болған 3 адам оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


ПІКІР ЖАЗУ