Шымкент: №35 автобус маршруты ұзартылды

0

Бүгінгі таңда №35 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы Арғымақ шағынауданына дейін ұзартылды. Қала әкімі М. Әйтенов осыдан бір ай бұрын газдандырылған елдімекенге арнайы барып, тұрғындармен кездескен болатын. Жергілікті азаматтар М.Дүйсенбекұлынан шағынауданға автобус бағытын ұйымдастыруға ықпал етуді сұраған болатын. Халықтың талап-тілегін ескерген қала әкімі аталған автобус бағытын Арғымаққа дейін 5 шақырымға ұзарту бойынша тапсырма берді.

Қазір № 35 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы әкім тапсырмасына сай ұзартылып, бағытқа қосымша 2 автобус қосылды. Аталған маршрут 11 шағынаудан аралығын қамтиды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ