Жамбыл: балалардың қауіпсіздігі – күн тәртібіндегі басты мәселе

0

Қазіргі таңда елімізде балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынуда, сол себепті бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамаған жөн. Балалардың қатысуымен көптеген қайғылы жағдайлар орын алуда.
Осы мақсатта бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес,ҚР ІІМ-нің нұсқауы бойынша Шу АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі А.Алметов, Жамбыл облысы білім басқармасының басшысының орынбасары М.Нысанбаев және мектеп директоры А.Сихимова.Шу ауданы,Төле би ауылында орналасқан М.Мақатаев атындағы тірек (РО) мектебінде 2023-2024 оқу жылы қарсаңында 8-11 сынып оқушыларын “Білім күні” мерекесімен құттықтап,”Бала қауіпсіздігі-басты назарда” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Шу АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі А.Алметов:
– Бала – өмірдің жалғасы. Әр ата-ана баласының жақсы азамат пен азаматша болғанын қалайды. Олардың болашағы үшін алаңдап, алдағы өміріне азық боларлық тәрбие бергісі келеді. Сол себептен баланың ортасы мен ұстаздары жақсы болғаны жөн.
Бұл тіркестер бұрыннан белгілі. Қазақ халқында мақал бар. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» дегені бекер айтылмаса керек-ті.
Сонымен қатар «жігітті жолдасына қарап таны» дегенін қалай естен шығарарсыз. Мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігі мәселесінің маңызы зор.
Ата-ана жұмысына кеткенде, баласын уайымдамай жүруі үшін мектептердегі қауіпсіздік шаралары сенімге селкеу түсірмеуі тиіс .
Балалар жол қозғалысына қатысушылардың ең әлсіз тобы болғандықтан, олардың жол қозғалысындағы қауіпсіздігін басты назарда ұстау аса маңызды. Осы орайда, қоғам тыныштығын күзеткен полицейлер үшін ең маңызды мәселе-балалардың жол-көлік жарақаттарына жол бермеуі және кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі – ең басты байлық. Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін, алдымен, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етер болсақ балалар ұшырайтын жол апатының алдын-алуына септігін тигіземіз.
Қорыта айтарымыз – балаларды сақтау әрбір ата-ананың абыройлы борышы.
Құрметті ата-аналар! Балалардың қауіпсіздігі біздбен сіздің қолыңызда!

Ел ертеңі – білімді жастар қолында! Оқушылардың оқуда озат болып, ата-аналары мен ұстаздарының үмітін ақтағанын қалаймыз. Қауіпсіз ортада жетіліп, ешқандай зорлық-зомбылық көрмесе екен. Келеңсіз жағдай болдырмау үшін, бар күшімізді саламыз,-деп балалардың қауіпсіздігі үшін атқарылар ісшаралар мен қажеттіліктерді атап өтті.


ПІКІР ЖАЗУ