Шымкентте 1,5 млн теңгенің алтынын жымқырған бала күтуші ұсталды

0

Шымкентте 1,5 млн теңгенің алтынын жымқырған бала күтуші ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Абай аудандық полиция басқармасына “102” арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз шағымында жатын бөлмесіндегі шкаф ішінен құны 1,5 миллион теңге тұратын алтын әшекейлерінің жоғалғанын жеткізген.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, істің мән-жайын нақтылау барысында сол үйде бала күтімімен айналысатын 19 жастағы қыз күдікке ілінген.

Тәртіп сақшылары шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні Абай АПБ-на жеткізді.

Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша іс қозғалды. Белгілі болғандай, жас қыз әуелі үй иесінің неке жүзігін ұрлап, сатып жіберген. Кейін сөредегі алтындарға көзі түсіп, оны да қаладағы базарларға апарып өткізгені анықталды.

Күтуші өз кінәсін толық мойындап, бұл ісі үшін өкінетінін жеткізді. Жәбірленуші келтірген материалдық шығынның толығымен өтелуіне байланысты, азаматшаға кешірім берді.


ПІКІР ЖАЗУ