Қол күрестен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті

0

Алматы қаласында кадеттер, жасөспірімдер мен жастар және ересектер арасында өткен қол күрестен 44-ші әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ересектер арасында Қазақстан сол қол бойынша 8 алтын, 12 күміс, 3 қола жүлдеге ие болды, ал оң қол бойынша ересектер арасында 6 алтын, 9 күміс, 4 қола медальдармен көш бастады.

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің деректері бойынша ересектер арасында жеңіске жеткен спортшылар:

Сол қол бойынша алтын медаль алғандар: Ерлер: Ердәулет Нұрмахан (55 кг), Мейрамбек Ерсаин (60 кг), Ердәулет Сарыбай (65 кг), Әлижан Мұратов (+110 кг). Әйелдер: Назира Зиядулла (50 кг), Оксана Письменная (65 кг), Деши Дурсаева (80 кг), Антонина Лисянская (+90 кг). Күміс медаль жүлдегерлері: Ерлер: Ораз Басаров (55 кг), Бекжан Қожантай (60 кг), Тұрарбек Тұрғанбек (65 кг), Михаил Нифонтов (80 кг), Талғат Ақтаев (85 кг), Ғалымжан Қарсыбаев (90 кг), Айтбек Бекет (110 кг), Борис Гапченко (+110 кг). Әйелдер: Жанна Қазтуғанова (55 кг), Евгения Гунько (70 кг), Раушан Джаналиева (90 кг), Садықжан Малена (+90 кг). Қола жүлде иегерлері: Данил Устинов (70 кг), Азамат Рахмет (75 кг), Нұрдәулет Айдархан (80 кг).

Оң қол бойынша алтын медаль жеңіп алғандар: Ерлер: Ораз Басаров (55 кг), Мейрамбек Ерсаин (60 кг), Нұрдәулет Айдархан (80 кг), Есболат Қаржау (100 кг), Борис Гапченко (+110 кг). Әйелдер: Сандуғаш Сейдіш (50 кг). Күміс жүлдегерлер: Ерлер: Ердәулет Нұрмахан (55 кг), Мұқасан Самат (65 кг), Абдулманаф Тузуев (80 кг), Данияр Роман (110 кг), Медет Құттымұратов (+110 кг). Әйелдер: Лаура Каримбаева (50 кг), Тахмина Гожанбердиева (70 кг), Раушан Жаналиева (90 кг), Алуа Бокаева (+90 кг). Қола жүлдеге қол жеткізгендер: Ерлер: Нұрдәулет Қадыр (70 кг), Владимир Матченко (100 кг). Әйелдер: Жанна Қазтуғанова (55 кг), Арайлым Мәлік (70 кг).

Аталған додаға әлемнің 52 елінен мыңнан астам спортшы қатысты.


ПІКІР ЖАЗУ