Үкімет отырысында жалпыұлттық іс-шаралар жобасы қаралды

0

Бүгін Үкіметтің жаңартылған құрамының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселені қарау алдында Үкіметтің жаңа мүшелерінің ант беру рәсімі өтті. Салтанатты рәсімнен кейін Әлихан Смайылов жауаптыларға межеленген міндеттерді, осыған дейін қабылданған жоспарлар мен тұжырымдамаларды, сондай-ақ Мемлекет басшысының әсіресе соңғы Жолдауда берілген тапсырмаларын орындау қажеттігін тапсырды.

 Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы Жолдауда айтылған барлық бастама мен тапсырманы қамтиды. Құжат жедел экономикалық өсімге, инфрақұрылым мен инновацияларды дамытуға ықпал ететін жаңа экономикалық саясатты іске асыру жөніндегі маңызды міндеттерді шешуге бағытталған. Бұл, сайып келгенде, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына әсер етеді.

Аталған шараларды тиімді іске асыру, бірінші кезекте министрлер мен әкімдерге жүктеліп отыр. Сондай-ақ барлық мемлекеттік органның, әкімдіктердің Жоспарды бірден орындауға кірісуі қажеттігі ескеріліп, бірінші басшылардың көзделген іс-шараларды сапалы және уақытылы орындалуы қамтамасыз етілуі қажет. Бастысы қаржыландыруға қатысты барлық мәселе жан-жақты пысықталуы керектігі назарға алынуда.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ