Түркістан: қабылданған шаралар нәтижесін бере бастады
- Қоғамдық тәртіпсіздікті сақтау аясында полиция басқарма тарапынына тәулік бойы тиісті жұмыстар атқарылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қылмыстар өткен жылдың осы мерзіммен салыстырғанда 28.6 пайызға (696-ден 497-ге) төмендеп, 10 мың халыққа шаққанда 33,7-ні құрады.
- Ауыр және аса ауыр қылмыстар 33,0 пайызға (233-тен 156-ға) төмендеп, қылмыстардың ашылу деңгейі 80,4 пайызды құраған, өткен жылы бұл көрсеткіш 75,4 пайыз(5% артқан) болған.
- Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 11-ден 5-ке, -54,5%
- Бұзақылық қылмыстар 25-тен 14-ке, -44,0%
- Қарақшылық қылмысы 2-ден 0-ге 100%
- Бөтеннің мүлкін ұрлау 177-ден 139-ға 21,5%
- Пәтер ұрлығы 48-ден 35-ке 27,1 пайызға төмендеген.
- Алаяқтық қылмыстары соңғы 4 жылда 108,3 пайызға артқан болса (2019-205, 2020-221, 2021-292, 2022-427), тұрғындар арасында насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу нәтижесінде ағымдағы жылдың 8 айында 39,4 пайызға төмендеді.
- Алдын алу шаралары нәтижесінде;
- Қоғамдық орында жасалған қылмыстар -24,1 пайызға (166-дан 126-ға),
- Көшеде жасалған қылмыстар -16,2% (68-ден 57-ге),
- Отбасы тұрмыстық қатынастағы қылмыстар 75,0 % (4-тен 1-ге),
- Бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар 23,6% (106-дан 81-ге)
- Жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыстар 22,6 % (31-ден 24-ке)
- Қару қолданумен жасалған қылмыстар -75,0 % (8-ден 2-ге) төмендеген.
- Жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1250 жол белгілері, 7 (1) бағдаршам және білім беру орындарының алдына 70 «Абайлаңыз балалар» панносы орнатылды.
- Жыл басынан жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза болғандар саны 83,3% төмендеген.
- Қаламызда автокөлікті мас хәлде басқарған 137 тұлға сотпен әкімшілік қамаққа алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
- Алайда, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаннан кейін , қайта масаң күйде көлік құралын басқару бойынша 10 тұлғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілді.
- Қала әкімдігі , Полиция басқармасы, қала прокуратурасы бірлесіп қала аумағында 62 рет «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді.
- Жыл басынан хабар ошарсыз жоғалу жөнінде 96 хабарлама тіркеліп, 64 жасөспірім мен 32 ересек азамат жедел іздестіру нәтижесінде табылды.