Жамбыл: Қызметін асыра пайдаланбау жөнінде ескертілді

0

Тәуелсіз еліміздің бас құжаты Конституцияда: «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №58 түзеу мекемесінде облыстық прокуратураның 5-ші басқарма бастығы Өсер Арынтаев, облыс бойынша адам құқықтары жөнінде уәкілі Берікбол Байхожаев, облыс бойынша ұлттық алдын алу тетігінің төрағасы Сахиб Гусейнали және өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Қанат Жарылғаповтың қатысуымен кездесу өтті.

Басқосуда Қанат Шамарданұлы жеке құрам қызметкерлеріне арнайы құралдарды, дене күшін пайдалану әдістемесін таныстырды. Жалпы, бұл күні жабық мекемелерде қатыгездік көрсету мен азаптаулар жағдайларының алдын алу, сот органдары мен прокурорлардың бұл мәселені шешудегі айрықша рөлі жөнінде кеңінен айтылды.

Жиын соңында спикерлер мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен кездесу өтіп, оларды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Айгүл АБДЫБАЕВА,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД
№ 58 мекемесінің режим бөлімінің аға жедел уәкілі,
әділет майоры


ПІКІР ЖАЗУ