Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 140,8 млн. ағаш егу жоспарлануда

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Тараз қаласы мен аудандарда «Жасыл белдеу» жоспарының орындалуы талқыланды.

Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 млн. 427 мың гектар болса, оның орман ағаштары көмкерген жерлері 2 млн. 357 мың гектар құрап отыр. Орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 пайызын алып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. ағаш егу тапсырмасы аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министірлігі және Жамбыл облысы әкімдігі арасында 2021-2025 жылдары ормандарды молықтыру және молайту туралы кешенді жоспар бекітілген. Осы кешенді жоспар бойынша облыс аумағында 2025 жылға дейін 140,8 млн. ағаш егілуі тиіс.


ПІКІР ЖАЗУ