Жамбыл: облыс әкімі Мойынқұмдағы бірқатар мәселелермен танысты

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданындағы Жаз-Ата саябағына барып, Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың рухына тағзым етті.

Тұлға атындағы аудандық музейінің жұмысын көріп, ондағы құнды жәдігерлермен танысты.

Бұдан соң аймақ басшысы Б.Момышұлы атындағы орталық стадионға, No8 Мойынқұм колледжіне ат басын бұрды.

Облыс әкімі колледжді сақтап қалу, жұмысын жүйелі түрде жолға қою шалғай аудан үшін аса маңызды екенін атап өтті. Ол үшін жатақхананы күрделі жөндеуден өткізу керек. Жауаптыларға бұл мәселені уақыт созбай шешуді тапсырған аймақ басшысы өңірге қажетті мамандарды даярлау айрықша назар аудару керектігін тапсырды.

Келесі кезекте Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауылындағы Радай өзеніндегі көпірдің жай-күйін көрді. Жөндеуді қажет ететін нысанның шаруаларға су жеткізудегі маңызы зор.
Осыған көңіл бөлген облыс басшысы жауаптыларға мәселені шешу жолдарын жеделдетіп жүзеге асыру бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Айта кетейік, көпірдің ұзындығы 110 метрден асады, ені 13 метрді құрайды.

Жобаны қаржыландыру бойынша өтінім республикалық және облыстық бюджетке ұсынылды десек, бүгінгі таңда аталған ұсыныс негізінде құны азайтылып, сметалық құжаттарын келісу үшін сәулет бюроға жолданған.


ПІКІР ЖАЗУ