Жауынгерлік дайындықты нығайту: Шымкентте тактикалық-саптық жаттығулар өтті

0

Бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру бойынша тактикалық-саптық сабақтар Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында өтті. Барлық әскери қызметшілерге қысқа мерзімде жабдықтар, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді алу, әскери техниканы тез дайындау, оны жауынгерлік машиналар паркінен шығару және роталық колонналар қалыптасатын аймаққа көшіру қажет болды.

Сабақтар хабарлау жүйесін тексеру, жауынгерлік әзірлікті жүргізу және басқа да міндеттерді орындау барысында басқару органдарының үйлесімділігін арттыру үшін ұйымдастырылды.
«Жауынгерлік дайындық аптасы» деп аталатын бұл шара бөлімде дабыл бойынша көтерілуден басталады. Бұл бөлімнің белгіленген мерзімде тапсырмаларды орындаудың нақты қабілетін тексеруге мүмкіндік береді. Сабақ барысында жауынгерлік техникаға оқ-дәрілер мен материалдық-техникалық құралдарды тиеу бойынша жаттығулар ұйымдастырылды. Бөлімшелердің роталық колонналарды қалыптастыру аудандарына шығуы және басқармалардың жылжымалы пункттерін құру жүзеге асырылды. Қойылған міндеттерді орындау уақыты, әскери техниканың сақталуы мен жай-күйі тексерілді.
Бригада командирі полковник Әмірқожа Айтқожин атап өткендей, осы күзде Қарулы Күштер қатарына шақырылған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері дабыл бойынша көтерілуге алғаш рет қатысты, бірақ қобалжусыз, жинақылық пен жарғы бойынша үйлесімді әрекет ету қабілетін көрсетті.
-Қызмет атқару кезінде қызметтік міндеттерді лайықты орындау жоғары кәсіби даярлық пен дайындықсыз, дұрыс түсінік пен жауапкершіліксіз мүмкін емес. Қысқы оқу кезеңінің басталуы — бұл кәсіби шеберлікті арттырудың, әрбір әскери қызметшінің іскерлігі мен дағдыларын жетілдірудің кезекті кезеңі, — деп қосты ол.
Жауынгерлік әзірлікті тексеру бойынша сабақтардан кейін барлық санаттағы әскери қызметшілерде жеке құрамның функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы, оларды пайдалану тәртібін зерделеуді қамтитын мамандық бойынша сабақтар өтетінін атап өткен жөн.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ