Түркістан: Сарыағаштық азамат қайтарымсыз грантпен ерекше кәсіп бастаған
Түркістан облысында шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән беріліп келеді. Әсіресе мемлекеттік гранттар — түркістандықтардың кәсіп бастауына үлкен қолдау көрсетуде.
Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мемлекеттік қоодаумен кәсіп бастаған Көктерек ауылдық округінің тұрғыны С.Жүнісбековпен кездесті. Ол қайтарымсыз несие арқылы туристерді тасымалдауға арналған электрокар сатып алып, туристерге тасымал қызметін көрсетеді. Кәсіпкер аудан басшысына жұмысы барысы жайлы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ол аудан курорттық аймақ болуына байланысты туристер мен демалушыларға экскурсия жасауға өте қойлайлы екендігін айта кетті. Қызметті пайдаланушылардың көптігіне байланысты алдағы уақытта көлік санын көбейтіп, бірнеше азаматты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.