Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді
26 желтоқсан Алматы уақытымен кешкі 16:11 кезінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kaziınform.
Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 348 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасы аумағында болған.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.8.
MPV магнитудасы — 4.5.
Тереңдігі — 15 шақырым.
«MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында сезілген жоқ», — делінген кезекші оператордың хабарламасында.