Шымкент: қала халқын сапалы инфрақұрылыммен қамту жоспарға сай жүргізілуде

0

2023 жылы 6 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 37 мыңға жуық адам ауыз су жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті.

Қала халқын кәрізбен қамтамасыз ету бойынша өткен жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына қаржы бөлінді. Нәтижесінде, 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Бұл бағыттағы жұмыстар 2025 жылы қорытындыланады.

Электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша 2023 жылы 8 нысанның, оның ішінде 6 елді мекенде ішкі жүйелердің және 1 қосалқы стансаның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 22 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылды. Қамту көрсеткіші 98%-дан 100%-ға өсті.

Былтыр Нұртас, Ақтас-1, Ақтас-2, Ақжар, Арғымақ, Нұршуақ, Тұран (3-кезек) шағын аудандарында, Сәуле елді мекеніндегі 276 орамда табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қамту көрсеткіші 94%-дан 96%-ға артты.


ПІКІР ЖАЗУ