Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиадаға баратын спортшылар белгілі болды

0

Қаңтардың 19-ы мен ақпанның 1-і аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында IV қысқы жастар Олимпиадасы өтеді. Оған баратын спортшылар арасындағы елордалықтар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының  мәліметінше бұл жарыста ел намысын 42 отандасымыз 10 бағдарламада қорғайды. Ал делегация сапында ресми өкілдер, бапкерлер, дәрігерлер мен БАҚ өкілдерін қосқанда 80-нен астам адам бар.

Азия құрлығы алғаш рет қабылдайтын жастар ойындарында Ұлттық құрама сапында Астана қаласының спортшылары да бой көрсетті. Елордалық жас спортшылар дүбірлі аламанда кёрлинг, конькимен жүгіруден және шаңғы жарысы бойынша бақтарын сынайды.

Кёрлинг:

Мерей Тастемір;
Ибрагим Тастемір.

Шаңғы жарыстары:

Берік Боранбаев.

Конькимен жүгіру спорты:

Руслан Жанаділов.

Барлығы бәсеке кезінде 81 Ұлттық Олимпиада комитетінен келген 1900-ға жуық атлет спорттың 7 түрінен 15 бағдарламада күш сынасады деп жоспарланған.

Айта кетелік, Канвондо Олимпиадасына баратын спортшыларды іріктеу жарыстары ел ішінде 2023 жылдың басынан бері өткен. Соның негізгісі ҚР-ның IV қысқы Жастар спорт ойындары саналады. Бас-аяғы 3 айға созылған сол сында 11 бағдарламада үздіктер анықталған (биатлон, кёрлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарыстары, мәнерлеп сырғанау, фристайл-могул және фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, шаңғымен тұғырдан секіру).

Айта кетейік, ашылу рәсімі 19 қаңтарда Gangneung Oval және PyeongChang Dome стадиондарында бір мезетте қатар өтеді.


ПІКІР ЖАЗУ