Қазақстан италиялық агрохолдингпен серіктестікті нығайтуда

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италия Республикасына ресми сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Bonifiche Ferraresi» агрохолдингінің бас директоры Федерико Веккьонимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала келіссөздер нәтижесінде «Агрофирма TNK» және «Bonifiche Ferraresi» холдингінің еншілес компаниясы «BF International Best Fields Best Food Limited» компаниялар тобы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстандық компания Ақмола облысында 400 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімін өндіреді және қазақстандықтарға ұн, жарма, ашытылған сүт және басқа да өнімдер шығарылатын «Жақсы» сауда маркасымен белгілі.

Итальяндық холдинг ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен және маркетингпен айналысады. «Bonifiche Ferraresi» халықаралық аумақтарда өз қызметін кеңейту және дамыту стратегиясын бекітті, нәтижесінде «Агрофирма TNK» -мен меморандумға қол қойылды.

Серіктестіктің бірінші кезеңінде компаниялар технология, тұқым, қызметкерлерді оқыту саласында тәжірибе алмасуға ниетті, ал келесі кезеңде қайта өңдеуді дамыту, оның ішінде макарон өндірісі қарастырылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда макарон өнімдерінің өндірісі 40 кәсіпорынмен ұсынады, олардың ең ірілері шикізат ретінде ақуыз бен темірдің жоғары құрамымен ерекшеленетін қатты сұрыпты бидайдан жасалған ұнды пайдаланады. Мұндай ұннан дәстүрлі италиялық макарон жасалады.

Қазақстанда макарон өндірісі мен экспортын ұлғайту үшін барлық мүмкіндіктер бар, өйткені өз шикізат базасы бар. 2022 жылы Қазақстанда 15,6 млн тонна жұмсақ бидай және 833 мың тонна қатты бидай өндірілді, оның 400 мың тоннасы Италияға ғана экспортталады, бұл макарон өндірісінің көлемін ұлғайтуға, оның ішінде экспортты кеңейту мақсатында жеткілікті, — деп түсіндірді Айдарбек Сапаров.

Келіссөздер барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі италиялық серіктестер үшін Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалды атап өтті. Атап айтқанда, инвесторлар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметімен тікелей инвестициялық келісім жасай алады. Мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін салалық жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылған.


ПІКІР ЖАЗУ