Сарыағаштық бұрымды Қазақстан чемпионатына жолдама алды

0

Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты  №63 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып  оқушысы Қамбар Балерке  жасөспірім қыздар арасында Отырар ауданында  өткен  республикалық турнирде  I орынды қанжығасына байлап, аудан абыройын асқақтатты. +59 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен бұрымдының жеткен жетістіктері де бір төбе: 

Отырар ауданының құрметті азаматы Құралбай Орынбасарұлының жүлдесіне арналған самбо күресінен 2008-2009 ж. жасөспірім қыздар арасында өткен республикалық турнирдің I орын иегері; 

Қазақ күресінің спорт шебері Тәттібек Тұрлыбековтің 63 жас мерейтойына орай қазақ күресінен  2009-2011 ж. жасөспірім қыздар арасында Сарыағаш ауданының ашық біріншілігінде I орын иегері атанды. 

 Жаттықтырушысы — әлем чемпионы Абдухамит Абдуразаков.  Бапкерінің ақыл-кеңесін ынты-шынтысымен орындаған еңбекқор қыз бүгінде жеңіс мінберінен көрінуде.  

Облыста топ жарған Қамбар Балерке «Самбо» күресінен Қазақстан чемпионатына жолдама алды.  Наурыз айында Ақтау қаласында өтетін республикалық додада Түркістан өңірінің намысын қолдан бермей,  жеңіс тұғырынан көрінуін тілейміз!


ПІКІР ЖАЗУ