Адамгершілік пен жауынгерлік қабілеттілікті қорғау: Шымкент гарнизонының әскери полициясы бөлімде кездесу өткізді
Әскери қызмет ̶ бұл Отан мен қоғам алдындағы жауапкершілік. Әскерилер мемлекетті қорғап қана қоймай, адами қасиеттің жоғары деңгейін сақтауға міндетті. Қылмыстық құқық бұзушылықтар, әсіресе денсаулық пен адамның насымына қарсы бағытталған құқық бұзушылықтар азаматтар мен жалпы қоғам үшін үлкен қауіп болып табылады. Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің қызметкерлері 35748 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді.
35748 әскери бөлімінде әскери полицияның алдын алу шарасы құқық бұзушылықты болдырмау үшін маңызды бастама болып табылады. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы әскери қызметшілерді Қылмыстық кодекстің нормаларымен және құқық бұзушылық жасау салдарымен таныстыруға мүмкіндік береді.
Кездесуде сөз сөйлеген Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің анықтау және іздестіру бөлімшесінің офицер-уәкілі әділет аға лейтенанты Алибек Шамидинов Қарулы Күштер қатарында қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылғандар туралы ақпаратты қатысушыларға жеткізіп, олардың жауапкершілігін егжей-тегжейлі түсіндіріп, мұндай әрекеттерге жол бермеуге шақырды.
Әскери қызметтегі қылмыстық құқық бұзушылық тәртіпті бұзып қана қоймай, жалпы әскери қызметтің абыройына теріс әсер ететінін түсіну маңызды. Сондықтан әскери қызметшілерді этика ережелері мен нормаларына үйрету әскери ұйымның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтаудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Сонымен қатар, шақырылған қонақтар суицидтік көріністердің, құмар ойындарға тәуелділіктің, билікті асыра пайдаланудың алдын алу тақырыбына да тоқталып өтті. Олар әскери қызметшілерге тәжірибеден алынған жағдайларды қарастырып, мұндай бұзушылықтарды жақсырақ танып, алдын алу үшін мысалдар келтірілді.
Кездесу соңында ұжымдардағы туындаған мәселелерді және бөлімдегі моральдық-психологиялық ахуалды анықтау үшін жеке әңгімелесулер өткізілді, сондай-ақ әскери қызметшілер өз пікірлерін білдіріп, осы тақырып бойынша сұрақтар қоя алатын топтық пікірталастар ұйымдастырылды. Бұл туындлауы мүмкін міселені түсінуге және тыйым салынған нәрселер туралы дұрыс түсінік қалыптастыруға ықпал етті.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі