Қазақстандық спортшы Канадада рекорд орнатты

0

 Қазақстандық Алина Дауранова конькимен жүгіруден әлем чемпионатында 1 000 метрге жүгіруде жеке рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы бұл қашықтықты 1 минут 15,24 секундта бағындырып, 13-орынға табан тіреді және жерлестері арасында үздік атанды.

Жарысты Екатерина Айдова 14-ші (1:15.29), Инесса Шумекова 24-ші (1:18.57) орынмен аяқтады.

Канаданың Калгари қаласындағы жарыс 18 ақпанда аяқталады. Турнирде сарапқа салынатын төрт медаль жиынтығы қалды. Қазақстандықтардың ішінен жексенбі күні тек Айдова қатысады – ол 1500 метр қашықтықта сайысқа түседі.


ПІКІР ЖАЗУ