Шымкентте ұлттық жоба аясында 300-ден аса жаңа жұмыс орны ашылды

0

Бүгін қала әкімінің аппараттық мәжілісінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында гранттардың, шағын несиелердің тиімділігін арттыруда атқарылып жатқан жұмыстар мен Наурыз мерекесіне дайындық жайы талқыланды.

Мәжілісте Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Азимбердиев пен Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж. Утебаева гранттар мен шағын несиелердің тиімділігін бақылау нәтижелерін баяндады. 2019-2023 жылдар аралығында «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде 227 инновациялық жобаға 5 млн. теңгеге дейін қайтарымсыз негізде грант берілген. Нәтижесінде қалада 341 жаңа жұмыс орны ашылды. Биылғы жылға 273 адамға 1,4 млрд теңге бөлініп отыр.

Жиын барысында Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Б. Орынтаев қала аумағында Наурыз мерекесін тойлау жоспарымен бөлісті. Іс шаралар 1-23 наурыз аралығында 15 негізгі локацияда өтеді. 1 наурыз «Алғыс айту» күні шарасымен басталып, әдет-ғұрып, кәделерді  насихаттайтын «Жоралғы күнімен» қорытындыланады. 

Қала әкімі сала басшыларына кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы шаралардың тиімділігін қадағалауда сонымен қатар Наурыз мерекесін халықтық мерекеге айналдыруда бірқатар тапсырма берді.


ПІКІР ЖАЗУ