Жайлы мектептерді салуға бюджеттен қанша теңге бөлінеді

0

 Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы қалай жүзеге асырылып жатқаны жайлы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр атап өткендей, ұлттық жоба еліміздегі оқушы орындарының тапшылығын шешуге, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін жоюға бағытталған.

2024-2025 жылдары 740 мың оқушы орнына арналған 369 мектепті, оның ішінде биыл 217 мектепті қолданысқа беру көзделген. Мектептер құрылысы бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бұл ретте 163 мектеп ауылдық жерлерде салынады, — деді ведомство басшысы.

Ұлттық жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2,3 трлн теңге бөлу көзделген. Мысалы, 2023 жыл – 500 млрд теңге, 2024 жыл – 976,3 млрд теңге, 2025 жыл – 909,4 млрд теңге.

Оның ішінде былтыр “Самұрық-Қазына Констракшнге” тиісті көлемде қаржы аударылды — 500 млрд теңге.


ПІКІР ЖАЗУ