Артур Толепов аудан әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

0

Отандық танымал актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Өнер иесі бұл жаңалықпен өзі бөлісіп, халықтан қолдау сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Артур Төлепов өзінің лауазымды қызметке тағайындалғаны туралы Instagram парақшасында хабарлаған. Белгілі актер жаңа жұмысына қатысты жазба жариялап, қандай мәселелермен айналысатынын баяндап берді.

‘Иә, достар! Солай болып жатыр. Алланың қалауымен, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалдым. Маған сенім білдірген аудан әкімі Қалдыбеков Азамат Бескімпірұлына рақмет! Дүниедегі ең оңай жұмыс — кеңес беру ақыл айту. Ең қиыны — біреуге айтқан кеңесің мен ақылыңды өзің жасау. Сондықтан, жап — жас басымызбен кеңседе кеңес беріп отырмай, елдік жұмыстарға тікелей араласқан жөн болар деп ойлап, Алатау ауданындағы ‘Adaldyq alany’ жобалық кеңсесінің жұмұстарын да мойнымызға алып жатырмыз”,- деп жазлы ол өз инстаграм парақшасына


ПІКІР ЖАЗУ