1 наурыз. Сағат тілін қалай ауыстырамыз?
1 наурызға қараған түні бүкіл қазақстандықтар біртұтас уақыт белдеуіне көшеді. Қай құрылғыларда уақыт автоматты түрде өзгереді, ал қайсысында бір сағатқа алға жылжытуымыз керек? BAQ.KZ тілшісі шағын шолу жасады.
Наурыздың бірінші күні Қазақстанның бүкіл аймағы UTC+5 уақыт белдеуіне көшеді. Оның ішінде Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары жаңа уақыт белдеуінде өмір сүре бастайды.
Ал қазіргі таңда Астана, Алматы, Шымкент қалалары және қалған облыстар (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Алматы) 5-ші сағаттық белдеуге (UTC+5+1) жатады.
Мұны Қолданбалы хронобиология маманы Болат Нұрқожаев былай түсіндірді:
Қазақстан Республикасы географиялық орналасуы бойынша толық UTC+3,5/+4,5/+5,5 аумағында орналасқан деуге, ортаңғы сағаттық белдеуі UTC+4,5 сағаттық белдеу деуге толық негіз бар. Біз уақытты алға қарай жылжытайын деп жатқан жоқпыз. Бұрынғы уақытты түзейін деп жатырмыз. Біз қайтарайын деп отырған UTC+5 уақыты Астана, Алматы, Шымкент, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстанның белдеу уақыты деп айтуға болады. Бүкіл дәлелелдер жиналды. 43 беттен тұратын есеп жобасы жасалды, — деді Болат Жолтайұлы.
Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев смартфондар мен электронды гаджеттердені уақыт қалай реттелетінін түсіндірді. Оның айтуынша, гаджеттерде 29 наурыздан түнгі 00:00-ге қараған кезде автоматты түрде ауыстырылады.
Қазақстандағы ұялы телефондар мен басқа гаджеттер байланыс операторының орталық коммутаторынан ақпарат ала отырып, өздерінің жүйелік уақытын автоматты түрде синхрондайды, — деп комитет төрағасы.
Үйдегі сағатты қалай ауыстырамыз?
Сағатыңызды (еск – 5-ші сағаттық белдеуде тұратын халық) бір сағат артқа жылжытасыз. Міндетті түрде сағат 00:00-ге ауыстырудың керегі жоқ, одан бұрын да жылжытсаңыз болады. Мәселен, 23:45 болса, 22:45-ке келтіресіз, — деп түсіндірді Қолданбалы хронобиология маманы.
Астаналықтар ерте тұрама, әлде кеш тұра ма?
Астананың тұрғындары ерте тұрмайды. Бірыңғай уақыт белдеуі енгізілгеннен кейін сағатымыздың тілін артқа ауыстырамыз, сондықтан астаналықтар бір сағат кеш тұратын болады.
Нұрқожаевтың сөзінше, уақыт белдеуін ауыстыру кезек күттірмейтін мәселе. Ол адам апатқа ұшырап, кейін күрделі ота жасау сияқты процес, тіпті осындай мысалдары көп ғылыми көптеген дәлелдеме бар дейді.
Әлемде биологиялық (циркадтық — еск.) ритмдер бұзылуы, ұйқы/сергектік режимі бұзылуы аса қауіпті рак, диабет, семіздік, жүрек-қан тамырлары жүйесі және де тағы басқа арулардың өршуіне әсер етті. Осыған байланысты хронобиология ғылымында, медицина саласында «әлеуметтік сағаттық белдеулер ауысуы синдромы» (social jetlag – SJL, әлеуметтік десинхроноз — еск.) деген термин пайда болды , — дейді Жолтайұлы.
1 наурызда уақыт өзгерген соң не болады:
eGov.kz порталы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін
Бірыңғай UTC +05.00 уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 22:00-ден 2024 жылғы 1 наурызда 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Осы уақыт аралығында келесі жобалар:
— eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
— egov mobile мобильді қосымшасы;
— «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
— «Техникалық бақылау» бірыңғай ақпараттық жүйесі;
— «e-Otinish» электрондық өтініштер қызметі;
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар үшін қысқа мерзімді қолжетімсіздік болуы мүмкін.
Намаз уақыты өзгереді
Бір уақыт белдеуіне көшуге байланысты ресми сайттағы намаз уақыты 1 наурыздан бастап жаңарады.
Өздеріңізге белгілі, 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады.Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады.
Алла қаласа 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгереді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметтерді алуға болады. Ал жұма намазына қатысты мәлімет кестеде көрсетілді, — делінген хабарламада.
Әуе мен пойыз тасымалындағы өзгерістер
Көлік министрлігінде бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге дайындық мәселелері жөнінде кеңес өтіп, жолаушыларды уақтылы хабардар ету және билеттерді брондау әрі сату бойынша жүйелерді жаңарту бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу тапсырылған болатын.
Осы ретте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ көршілес теміржол әкімшіліктерімен бірлесе отырып, жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізу бойынша шараларды қолға алды. Ұлттық компанияның ақпаратына сәйкес, жолаушылар пойыздарының қозғалысына қатысты барлық өзгеріс ресми сайттар мен интернет-ресурстарда қолжетімді.
Бүгінгі таңда теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелеріне сәйкес барлық жолаушылар пойызына билеттерді сату жүзеге асырылып жатыр.
Сондай-ақ жолаушыларды уақтылы хабардар ету үшін қызметкерлер арасында бірыңғай уақыт белдеуіне көшу кезінде жолаушыларды ақпараттандыру және поездардың жүру тәртібі туралы тиісті нұсқамалар берілді.
Жолаушылар анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бірыңғай анықтамалық қызметі арқылы немесе @KTZH_PP_BOT Telegram ботының көмегімен тегін ала алады.
Азаматтық авиация саласында да тиісті дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Көлік министрлігі халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (ИАТА) бірлесе отырып, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу бойынша қажет жұмыстарды жүргізді. Нәтижесінде отандық әуе компаниялары билеттерді сату жүйелеріне өзгерістер енгізді. Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында әуе компаниялары ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында жолаушыларға барынша ақпараттық қолдау көрсетіп жатыр.
Осылайша, Air Astana, SCAT және Qazaq Air әуе компаниялары билеттерді сату жүйесінде қажетті өзгерістер енгізіп, жолаушыларға тиісті хабарламалар жолданды. Өз кезегінде, Fly Arystan әуе компаниясы да бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді ескере отырып, рейстер кестесіне өзгерістер енгізу бойынша техникалық жұмыстарды аяқтады. Жолаушыларға нақты ұшу уақыты белгіленген билетті қалай жүктеп алуға болатыны туралы ақпаратты көрсете отырып, хабарламалар жіберілді.
Айта кетерлігі, 29 ақпаннан 2 наурызға дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің жедел штабы базасында 8 7172 798214, 8 7172 798213 нөмірлері бойынша «жедел желі» жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ рейс бойынша өзекті ақпаратты нақтылау үшін жолаушылар әуежайдың анықтамалық қызметтері мен әуе компаниялардың Call-орталықтарына хабарласуы керек: Air Astana 8 727 244 44 77, 8 7172 58 44 77, 8 702 702 44 77; FlyArystan 8 727 331 1010 (WhatsApp 8 702 702 0227); SCAT 8 7252 99 88 80; Qazaq Air 8 727 356 14 14.