Елімізде өткізу пунктерінің жұмыс режимі өзгерді

0

Өткізу пунктерінің жұмыс режимі өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ҰҚК Шекара қызметі келесі автомобильдік өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді:

Ресей Федерациясымен:

«Найза», Павлодар облысы

«Қоянбай», Абай облысы

«Байтанат», Абай облысы

Қытай Халық Республикасымен:

«Нұр Жолы», Алматы облысы

«Достық», Алматы облысы

«Қолжат», Алматы облысы

«Бақты», Шығыс Қазақстан облысы

«Майқапшағай», Шығыс Қазақстан облысы

Қырғыз Республикасымен:

«Кеген», Алматы облысы.

2024 жылғы 1 наурыздан бастап көрсетілген өткізу пункттері сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Өзгерістер Үкіметтің 23.11.2000 жылғы № 1749 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00.00-ден бастап елдің барлық аумағында бірыңғай сағаттық белдеудің белгіленуіне байланысты енгізілді.


ПІКІР ЖАЗУ