Сарыағаш ауданында егін егу науқаны басталды

0

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕГІН ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Сарыағаш ауданының экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылық саласы. Аталған саланы дамыту мақсатында аудан шаруалары көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қолға алып отыр. Ауданда екі-үш өнім алу жобасы бойынша егін егу жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда аудан аумағында 315 га жерге қырыққабат және 130 га жерге картоп егілді. Сонымен қатар, осы жылдың дәнді дақылдар өнімі үшін 30 мың га жерге күздік бидай себілді.
Биыл ауданда жалпы 70 мың гектарға жуық жерге егін егу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 42 мың 800 гектарына астық, 2200 гектарға майлы дақылдар, 4000 га жерге картоп, 10 мың гектардан аса көкөніс, 1200 га бақша және 9 мың га жерге мал азықтық дақылдар егілетін болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ