Қазақстан мұнайы қай елдерге экспортталады
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында былтыр Қазақстан мұнайы қай елдерге экспортталғанын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мұнай экспорты да өсіп, 70,5 млн тоннаны немесе 109,6%-ды құрады. 2022 жылы көрсеткіш 64,3 млн тонна болған, — деді министр.
Сәтқалиевтің сөзінше, Каспий Құбыр Консорциумының қазақстандық учаскесіндегі кедергілерді жою жобасы аяқталды. Бұл өткізу қабілетін жылына 72,5 млн тоннаға дейін арттырды.
Қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ жаңа жүйесі арқылы «Шведт» МӨЗ бағытындағы Дружба мұнай құбыры арқылы Германияға 1 млн тонна көлемінде тасымалдау қамтамасыз етілді. Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Джейхан жүйесі арқылы 1 млн тонна көлемінде тасымалдады, бұл Ақтау порты арқылы Махачкала және Баку бағытындағы мұнай экспортын 3,4 млн тоннаға дейін немесе 2022 жылмен салыстырғанда 52%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Қазақстандық мұнайдың Қытайға экспорты 1,2 млн тонна көлемінде, Өзбекстанға т/ж бойынша 0,065 млн тонна көлемінде қамтамасыз етілді, — деп атап өтті Энергетика министрі алқа отырысында.
Сонымен қатар Ресей мұнайының ел аумағы арқылы транзиті: Қытайға – 10 млн тонна, Өзбекстанға – 0,15 млн тонна.
Ал Дружба жүйесі бойынша мұнайды 1,2 млн тонна көлемінде, сондай-ақ Баку-Тбилиси-Джейхан бағытында тиісінше 2024 жылға 1,5 млн тонна көлемінде тасымалдау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.