Министрлік Бөген су қоймасына қатысты түсініктеме берді

0

 Су қоймасындағы төтенше жағдайдың алдын алу үшін көп факторлы тексеру жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Бөген су қоймасы Түркістан облысы әкімдігінің қарамағында.

Әкімдіктің жөндеу жұмыстары туралы ақпараты бойынша, су қоймасына төтенше жағдайдың алдын алу үшін көп факторлы тексеру жүргізілді. Қазіргі уақытта күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Мемлекеттік сараптама қорытындысы осы жылдың маусым айында дайын болады деп күтілуде.

2022 жылы су қоймасына жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның барысында 2000 текше метр қойтас төселді. Нысан апатты жағдайлардың алдын алу үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген, оның ішінде 700 текше метр қойтас, 50 текше метр құм, 100 текше метр қиыршық тас, 10 тонна цемент және 1000 қап бар. «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының мамандары визуалды тексеріс жүргізіп, акт жасады, — делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, бассейндік инспекция Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті бекітуі үшін Бөген су қоймасының су ресурстарын пайдалану тәртібін келісу қажеттігі туралы әкімдікке хат жолдады.


ПІКІР ЖАЗУ