Шымкент: санитарлық шараларға 3 мыңға жуық адам жұмылды

0

Санитарлық шаралар Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасы аясында «Тазару» күніне орай ұйымдастырылды. Бүгін қала тазалығына жауапты коммуналдық мекемелер аудандарда күшейтілген тәртіпте жұмыс жүргізуде. Жалпы, осы бағыттағы жұмыстарға 3 мыңға жуық қызметкер қатысып, 100-ге жуық техника тартылды.

Тазалық жұмыстары Қаратау ауданында тіпті, түн мезгілінде басталды. Мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылған аумақтар қоқыстан тазартылып, жұмыстар Бәйдібек би,

Тауке хан даңғылдарында, Түркістан,  Арғынбеков, Сайрам көшелерінде жалғасты. Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында, аялдамаларда, ирригациялық жүйелерде тазалық шаралары атқарылып,  қураған жасыл желектер ретке келтірілді.


ПІКІР ЖАЗУ