Мемлекет басшысы Кипр Республикасының Сыртқы істер министрін қабылдады

0

 Мемлекет басшысы Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбосты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Кипр Республикасымен серіктестік қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін растады. Мемлекет басшысы дипломатиялық қатынас орнаған 32 жылдың ішінде елдеріміз арасында берік саяси диалог пен инвестиялық ынтымақтастық қалыптасқанына назар аударды.

Президент Кипр үкіметінің Астана қаласында елшілік ашу туралы шешімін құптады. Оның айтуынша, бұл қадам дипломатиялық байланыстардың жаңа кезеңіне жол ашып, өзара серіктестіктің дамуына серпін береді. Константинос Комбос қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Кипр мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту перспективасы қарастырылды.

Бұған қоса халықаралық және өңірлік күн тәртібі, соның ішінде БҰҰ мен Еуропа Одағы аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.


ПІКІР ЖАЗУ