Елімізде кең ауқымды ветеринарлық іс-шаралар жүргізіледі

0

 Қазақстанда 2024 жылдың көктемгі кезеңі аясында кең ауқымды ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл іс-шаралардың мақсаты — эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету және республика бойынша жануарлар арасында жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау.

Жануарлардың ерекше қауіпті 25 ауруы, оның ішінде бруцеллез, лейкоз, жылқы жұқпалы анемия және т.б. бойынша 13 635,6 миллион теңгеге 74,9 миллионнан астам диагностикалық зерттеу жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар 178,2 млн манипуляция жасау жоспарлануда. Бүгінгі таңда республикалық қорда жануарлар мен құстардың 23 ауруына қарсы 77,0 млн доза вакцина бар. Олар көктемгі кезеңнің алдын алу шараларын уақтылы жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарға жолдануда. Іс-шараларға бүкіл ел бойынша ветеринариялық қызметтер, соның ішінде ветеринариялық станциялар мен пункттер қатысады. Үй жануарларының иелері жануарларын тексеру және вакцинациялау үшін қолжетімді етуге шақырылады, — делінген хабарламада.

Бұл бастама жануарлар арасында жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу қаупін азайтуға бағытталған. Қазір бекітілген жоспарға сәйкес диагностика және екпе жұмыстары басталып кетті.


ПІКІР ЖАЗУ