Қостанай облысында зардап шеккендерге төлемдерді төлеу басталды
Қостанайды облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен су тасқыны салдарын жою жөніндегі жедел штаб өз жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Су тасқынына қарсы шаралардың барлық кешені жүргізілуде.
Бұдан басқа, Қостанай облысының 3 ауданының аумағындағы су тасқынынан келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия өз жұмысын бастады, олар –Амангелді, Жангелді аудандары және Арқалық қаласы.
Өңір әкімі жедел көмек көрсету, барлық мүмкін ресурстарды тарту бойынша нақты тапсырмалар берді.
Үйге жарты сағатқа су кірсе де, бұл отбасылар зардап шекті. Ешкім мемлекеттің көмегінсіз қалмауы тиіс, — деп атап өтті Құмар Ақсақалов
29 наурыздан бастап ТЖ режимі жарияланғаннан кейінгі күні Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы төлемдер төлене басталды.
отбасының әрбір мүшесіне 100 мың теңгеден 183 адам төлем алды. Шамамен бір отбасына орта есеппен 500-600 мың теңге бөлінеді. Барлығы 18 млн. теңгеден астам төленді.
Бұл төлемдер тұрғын үйді жалға алу, азық-түлік, киім-кешек сатып алу және т. б. сияқты негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған.
Бірінші кезектегі төлемдерден басқа атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жылжымалы, жылжымайтын мүлік пен малды қалпына келтіруге қаражат қарастырылған.
Қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпованың айтуынша, тиісті көмек алу үшін залалды бағалау жөніндегі комиссияға жүгінген жөн.
Өтінішті толтыру, отбасы құрамын көрсету және жеке куәлікті, сондай — ақ қаражатты есептеу үшін карточкалық шотты ұсыну қажет, — деп қорытындылады Алма Аутенқызы.
Сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде демеушілік көмек тартылады. Ешкім бей жай қарап қалмайды.
Облыстағы су тасқыны жағдайына байланысты ТЖМ психологтары эвакуациялық пункттердегі зардап шеккен халыққа шұғыл көмек пен қолдау көрсетуде.
Сондай-ақ психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін тәулік бойы телефон нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді: 8-(714-2)-501-960