Ақтөбе облысы. 1 250 тұрғын эвакуацияланды

0

 Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаменті ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың үйлестіруімен өңірдің 4 елді мекенінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіп жатыр (Ақырап, Жиренқопа, Майтөбе және Айке е.м.), деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 250 тұрғын мен ондаған мал басын эвакуациялау ұйымдастырылды.

Әскери қызметшілердің күшімен тұрғын үй объектілерін су басуға жол бермеу бойынша жекелеген жер учаскелері нығайтылды, Терісаққан және Жаңаталап е.м. арасындағы бөгетті, сондай-ақ Ашқара өзені мен Шалқар көлінің жағалау сызығын нығайтуға көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, азық-түлік, дәрі-дәрмек, қажетті заттарды, киім-кешек және 100 тонна құм жеткізу жұмыстары жүргізілді.

ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша ТЖД-ларға су тасқынына қарсы іс-шараларға, оның ішінде ҰҚК авиациясын пайдалана отырып көмек көрсету жұмысын жалғастырып жатыр.


ПІКІР ЖАЗУ