«Қиын болады». Астанада қоғамдық көліктің жолақысын көтеру ұсынылды

0

 Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин қоғамдық көлікте жүру ақысын қымбаттуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағойшин азаматтар үшін жолақысын 90 теңгеден 110 теңгеге көтеру керек дейді. Өйткені соңғы 10 жылда қоғамдық көлік иелері айтарлықтай шығынға батқан.

Басшының дерегінше, 2023 жылы автобус парктеріне 34 млрд теңге субсидия бөлінгенін, ал биыл 38 млрд теңге субсидия қарастырылып отыр.

Қазіргі таңда Астанада автобуста қолма-қол ақшасыз төлегенде 90 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлегенде 180 теңге, яғни 2014 жылы бекітілген тариф құны тұр. Біз қоғамдық тарифтің құнын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде 110 теңгеге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде 220 теңге көтеруді ұсынамыз. Нәтижесінде субсидия көлемі 3 млрд теңгеге қысқарады. Егер мұндай өзгеріс болмаса, қоғамдық тариф көтерілмесе, қаладағы автобус парктері жұмысын тоқтатуы ғажап емес, — деді Қарағойшин. 

Ол қала бойынша 1400 автобус бар екенін айтты.

Былтыр 400 автобус сатып алсақ, жақында 40 жаңа автобус алдық. Биылғы мақсат – 200 жаңа автобусты сатып алу. 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан IVECO автобустары тозған. Бірақ тарифті көтермесек, автобус парктеріне қиын болады. Мысалы, бір автобус паркі нарықтан кетті, екеуі банкрот болып қалмақ, — деді Асхат Қарағойшин.


ПІКІР ЖАЗУ