Атыраудан жұрт жаппай кетіп жатыр. Жедел штаб түсінік берді

0

 Әлеуметтік желіде теміржол вокзалында түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Кадрдан перрондағы адамдар легін көруге болады. Бейнежазба авторы жергілікті тұрғындарды адастырып, «тұрғындар қаладан жаппай кетіп жатыр» деген жалған ақпарат таратқан, — делінген хабарламада.

Кеше, 10 сәуір күні станцияға бір мезгілде төрт пойыз келді:

— Құлсарыдан вахталық жұмысшылар бар пойыз;
— Атырау-Құлсары бағытында бес вагоннан тұратын тегін пойыз;
— ⁠Ақкөл (Құрманғазы ауданы) бағытына жүретін пойыз
— Алматыға дейінгі пойыз.

Пойыздар жөнелтілгеннен кейін вокзал перрондары босап, жолаушылар жолға шықты. Қазіргі уақытта вокзалда ешқандай қарбалас жоқ. Тұрғындар арасында жалған ақпарат таратпауларыңызды және тек тексерілген деректерге сенулеріңізді сұраймыз, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.


ПІКІР ЖАЗУ