«Таза Қазақстан» акциясына 180 мыңнан астам қазақстандық қатысты

0

 Мемлекет басшысының аймақтардағы елдімекендерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша тапсырмасын орындау шеңберінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған жастар мен волонтерлік ұйымдар белсенді қатысуда. «Таза өлке» деп аталатын бірінші аптаның қорытындысы бойынша 181,7 мың адам қатысқан 1,6 мыңнан астам іс-шара өтті.

Атап айтқанда, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында экологиялық акциялар ұйымдастырылды.

Алматы облысында 1,6 мың тоннадан астам, Жетісу облысында 679 тонна қоқыс шығарылып, Түркістан облысында 1,5 мың көшет, 34,5 мың гүл отырғызылды.

Су тасқыны болған аймақтарды қалпына келтіру шаралары жалғасып жатыр.


ПІКІР ЖАЗУ