Жылыой ауданында эпидемиологиялық ахуал тұрақты

0

 Бұл туралы аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Хабибуллин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аудан аумағында күнделікті уақытша эвакуациялау пункттерінен және  су беру көздерінен сынамалар алынуда. Соның ішінде осы күнге дейін тамақ өнімдерінен барлығы 133 сынама алынған.

Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінен 118 сынама алынды. Оның ішінде 4 сәйкессіздік судың түстілігінен анықталды. Сондай-ақ, суды микроблиологиялық зерттеу үшін 122 сынама алынды. Сәйкессіздіктер анықталмады. Аудан көлемінде жиналған тасқын судан – 9 сынама алынып, нәтижесі – Энтеровирус, ВГА, Ротавирус- теріс. Қалған 7 сынама — жұмыс барысында. Алдағы уақытта да жұмыстар өз жалғасын табады, — деді Талғат Хабибуллин.


ПІКІР ЖАЗУ