Атбасар ауданында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр

0

 Ақмола облысының Атбасар ауданында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

164 адам эвакуацияланды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 11 адам, 1 жүкті әйел және 50 бала.

Жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғаудың жеке құрамынан 50-ден астам адам жұмылдырылды.

100-ден астам үй мен 1 мектеп су астында қалды. Тәулігіне 49800 м3 су сорылды, 400 қап инертті материал жиналып, төселді. Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.


ПІКІР ЖАЗУ