Елімізде әйел тергеушілердің саны көбейеді

0

 Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжілістің кулуарында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент бізге отбасындағы зорлық-зомбылық профилактикасымен айналасатын әйел қызметкерлердің санын арттыруды тапсырды. Қазір штат санын Қазақстан бойынша 750-ге көбейту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл тәжірибе дұрыс, — деді Лепеха.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта елімізде зорлық-зомбылықтың құрбаны болған қыз балалар мен әйелдер ісімен айналысатын әйел тергеушілер бар.

Сұрақ-жауапты әйел жүргізуі керек. Бұл тәжірибені зерделедік. Қазір әкімдермен жұмыс істеп жатырмыз. Олар бізді қолдады. Бұл штат санын қаржыландыру бойынша Үкіметте мәселе қарастырылып жатыр. Қазір сумманы айта алмаймын, — деп түсіндірді Ішкі істер вице-министрі кулуарда.

Игорь Лепеханың айтуынша, ІІМ 750 штат санын сұрап отыр. Ал қазір елімізде 280 әйел полицей жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, Президент жақында әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғайтын заңға қол қойды.


ПІКІР ЖАЗУ