Құлсары қаласының 1 мыңға жуық тұрғыны Қоғамдық штабта кеңес алды

0

 Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек пен кеңес беру үшін құрылған қоғамдық штаб белсенді жұмыс істеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

14 сәуірде өз жұмысын бастаған штабтың құрамында  төраға және 20-ға жуық  мүше  бар. Алдағы уақытта штаб құрамына өз еркімен кіруге ниет білдірушілерге мүмкіндік бар.

Тұрғындардың қойған  негізгі сұрақтары: біржолғы материалдық көмек төлеу, тұрғын үйге, мүлікке өтемақы алу, төтенше жағдайдың мерзімін ұзарту, несие төлеуді кейінге қалдыру, дәрі-дәрмек алу мәселелері.

Құлсары қаласының тұрғындары су тасқынына қатысты кез келген мәселелер бойынша кеңес алу үшін, соның ішінде қауіпсіздік шаралары мен инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша ақпарат алу үшін штабқа хабарласа алады.

Бұл бастама әрбір тұрғынның су тасқынының салдарын жоюға және өңірді қайта қалпына келтіру үшін қажетті қолдау мен ақпарат алуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қоғамдық штабтың мекен-жайы: Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы №9 орта мектеп, акт залы, жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.


ПІКІР ЖАЗУ