«Zhas Project» жобасына 3892 қазақстандық қатысады

0

Қазақстанда «Zhas Project» жобасына құжаттарды қабылдау аяқталды. NEET санатындағы жастар (уақытша жұмыссыз жастар) 3892 өтініш берді,деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кетейік, өтініштердің көпшілігі 26 жасқа толған қала тұрғындарынан түскен. Өңірлер бойынша Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстары мен Шымкент қаласының жастары белсенділік танытты.

Гендерлік көрсеткіш бойынша өтінімдердің 58,6%-ы әйелдерден, 41,4%-ы ер адамдардан түскен. Құжаттар аталмыш жобаны іске асыратын 10 өңірлік үкіметтік емес ұйым арқылы қабылданды. 14 мамырға дейін конкурстық өтініштер іріктеледі, ал нәтижелер 15 мамырда жарияланады.

Бұл жастарға жергілікті қауымдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін, қосымша ресурстар мен идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды бастама. Жоба сондай-ақ жұмыспен қамту және білім беру саласынан тыс жастарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтиды және білім беруді қолдайды.

Байқау қорытындысы бойынша 18 бен 34 жас аралығындағы жеңімпаздарға Қазақстанның 20 өңірінде 1 миллион теңгеге дейін шағын гранттар берілетін болады.

«Zhas Project» гранттық қаржыландыру арқылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша іске асырылып жатыр.


ПІКІР ЖАЗУ