Қазақстанда Тик-Ток желісі жабыла ма – платформа ұжымы жауап берді

0

 TikTok өкілі платформаны бұғаттау мүмкіндігі қарастырылып жатқанына таң қағанын атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде TikTok платформасын бұғаттау мәселесі қаралатынын мәлімдеген еді.

Ұлттық мейрамды насихаттайтын #Наурыз2024 хэштегімен Tiktok желісінде 27 мың бейнеролик жарияланған.

Біз Мәдениет және ақпарат министрлігінің еліміздегі TikTok-ты бұғаттау мүмкіндігін қарастырып жатқанына таң қалдық, өйткені Министрлік Қазақстандағы біздің көптеген бастамаларымызды белсенді қолдайды, мысалы, онлайн-Наурыз фестивалі және шығармашылық қысқа бейнефильмдер байқауы. Өткен жұмада Министрлік өкілі Алматыда өткен іс-шарада сөз сөйлеп, TikTok-ты мәдениет пен басқа да пайдалы контентті ілгерілетуге көмектесетін платформа ретінде мақтады,- дейді TikTok ұжымы.

Платформада қауіпсіздік ережелері жақсы сақталған дейді мамандар.

Қауіпсіздікке, әсіресе жас пайдаланушыларға келетін болсақ, бұл TikTok-тың негізгі басымдығы және біз оған көп күш жұмсаймыз, соның ішінде қауымдастық ережелерін бұзатын мазмұнды белсенді және жаппай жоямыз. 2023 жылы біз ереженінің бұзылу себебінен Қазақстанда төрт миллионнан астам бейнероликті өшірдік. Біз Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ІІМ-ні қоса алғанда, ҚР-ның мүдделі билік органдарымен тікелей жұмыс істейміз. Баса айта кету керек, соңғы айларда біз кәмелетке толмаған пайдаланушылардың қауіпсіздігіне қатысты контентті жою туралы сұраныстарды алған жоқпыз, сондай-ақ ынтымақтастықтың үлкен тарихын ескере отырып, министрдің мәлімдемесі орынсыз болып көрінеді,- дейді TikTok ұжымы.

Платформа қолданушылары #Наурыз2024 хештегі бойынша өздерінің бейнежазбалары және фотоконтенттерін құра отырып, мерекелік виртуалды фестивальге белсене араласты. Қазақстандықтар Наурыз мейрамы қалай атап өтілетіні және оған дайындық туралы 27 мыңнан астам бейне және фотоконтент жасап, өткен жылғы нәтижеден екі есе асып түскен.


ПІКІР ЖАЗУ