Атырауда пилотсыз ұшу аппаратымен су тасқыны аймағына шолу жүргізілуде

0

Атырауда пилотсыз ұшу аппаратымен су тасқыны аймағына шолу жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Атырау облысының Махамбет ауданында пилотсыз ұшу аппаратымен визуалды шолу жүргізілуде. Мониторинг тұрақты негізде жүргізіліп, жағдай қатаң бақылауда. Қосымша жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда, — делінген хабарламада.


ПІКІР ЖАЗУ