Биыл елімізде қант тапшылығы болуы мүмкін бе

0

 Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биыл елімізде қант тапшылығы болмайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда қанттың қажеттілігі жылына – 550 мың тонна. Министрдің сөзінше, бүгінгі таңда 90 мың тонна қант бар.

Одан бөлек 120 мың тонна қант квотамен алынады. Бұл өнім мамырдан бастап түсе бастайды. Сондай-ақ бажсыз кіргізетін 300 мың тонна қант құрағы бар. Сондықтан бізге қант жетеді деп айтуға болады. Жақында мен Ресейдегі әріптесіммен қосымша тағы 80 мың тонна қант жеткізу туралы сөйлестім. Енді кім біледі, дайын болайық. Ертең әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Бірақ биыл қант 100 пайыз қамтылады деп ойлаймын, – деді министр үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ министр биыл қант бағасы көтерілмейді деп ойлайды.


ПІКІР ЖАЗУ