Жетісулық шенеунік осал топтағы адамдардан тұрақты түрде пара алып отырды деп күдіктелуде
25 сәуірде Ақтау қалалық соты облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы А. Манкешоваға және «Аско Сервис Шетпе» ЖШС өкілі А. Атадусовқа қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар мектеп құрылысына техникалық қадағалау қызметтерін мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғанына 5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Манкешова 3,5 жылға, Атадусов 2 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сонымен қатар бюджет қаражатын халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлу кезінде де жемқорлық фактілерінің алдын алады.
Агенттіктің Жетісу облысы бойынша департаменті Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ол мүгедектікті ұзартқаны және тағайындағаны үшін 2-ші және 3-ші санаттағы мүгедектерден делдалдар арқылы жүйелі негізде 20-дан 25 мың теңгеге дейін пара алды деп күдіктелуде.
Кінәсін толық мойындауына байланысты Сот күдіктіге қатысты «электрондық білезікті» қолдану арқылы «үйқамақ» бұлтартпау шарасына санкциялады.